Жаңалықтар

Қазақстан мен Нидерланд елшілері қолдарына күрек алды

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Нидерланд елшілері қолдарына күрек алды

Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев пен Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Андрэ Карстенс Астананың Ботаникалық саябағында экологиялық акция ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойына орай екі елдің елшілері Ботаникалық баққа 15 түп қарағай екті. Акцияға тек қана дипломаттар емес, бизнесмендер, сонымен қатар, Нидерландтың Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің арнайы өкілі Фредерик Воссенаар мен «Kazakh Invest» АҚ өкілдері қатысты. «Біз бұл мерейтойды ерекше атап өткіміз келді, сондықтан ағаш егіп, экологиялық акция өткіздік. Нидерланд елімен арадағы достықты жоғары бағалаймыз және жылдар өткен сайын бұл достық одан сайын нығайып, жемісті бола түседі деген үміттеміз», - деп атап өтті А. Жұмағалиев.