Жаңалықтар

Семейдегі 47 тұрғын үйде жеделсаты пайдаланылмай тұр

ашық дереккөзі

Семейдегі 47 тұрғын үйде жеделсаты пайдаланылмай тұр

Семей қаласындағы тұрғын үйлерде 675 жеделсаты бар. Олардың 395-і қолдану мерзімінен (25 жыл) асып кеткен. Сондай-ақ 47 тұрғын үйде жеделсаты мүлдем істемейді деп хабарлады turkystan.kz.

Осыған байланысты аймақта көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы әзірленген. Аталған бағдарлама бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері мемлекет көмегінің арқасында жеделсатыларды ауыстыра алады. Яғни, мемлекет тарапынан құны төленген соң, тұрғындар ортақ мүліктегі үлесіне сәйкес 7 жыл ішінде қаражатты қайтаратын болады.

Жеделсатыларды ауыстыру үшін тұрғындар бағдарламаға қатысуға өтінім беруі керек.