Ақмола облысында мектеп оқушысын ит талап тастай жаздады (ВИДЕО)

Ақмола облысында мектеп оқушысын ит талап тастай жаздады (ВИДЕО)

Ақмола облысында мектеп оқушысын ит талап тастай жаздады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақмола полицейлері Целиноград ауданында мектеп оқушысына шабуыл жасаған Алабай тұқымының қаңғыбас итті ұстап алды деп хабарлады turkystan.kz.
14 қазан күні баланың анасы Целиноград АПБ-нің учаскелік инспекторынан көмек сұраған. Ит әйелдің үйінің ауласында болған. Әйелдің айтуынша, баласы мектептен қайтып келе жатқан кезде ит оған шабуыл жасаған. Ұлының айқайын естіген тұрғын дереу көмекке жүгіріп, полицейлерді шақырған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары Нұрболат Мұқамедия мен Замирбек Сейтанов алабайды залалсыздандыру үшін түрлі әдістер мен қауіпсіз құралдарды қолдануға тырысты. Екі сағат бойы агрессивті ит полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай, шабуылдаған. Қару-жарақ пен арнайы құралдарды қолданбаған тәртіп сақшылары жануарды залалсыздандырып, иттерге арналған орындардың біріне орналастырды.