Анкарада қазақтың бас ақыны туралы кітап жарық көрді

Анкарада қазақтың бас ақыны туралы кітап жарық көрді

Анкарада қазақтың бас ақыны туралы кітап жарық көрді
ашық дереккөзі
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ұжымдық монография Анкарада ағылшын тілінде шықты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Сондай-ақ «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты ғылыми еңбек те жарыққа шықты. Қос бірдей кітаптың таныстырылымы 14 қазанда өтті. Бұл еңбектер шетелдік қауымға қазақ ойшылы Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды көздейді. Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым. Библиографиялық көрсеткіште 12 мыңнан астам дерек қамтылған. – Бұл Абайтанушы ғалымдарға да, жас ізденушілерге де жалпы Абай шығармасына қызыққан халыққа өте қажетті. Бұнда ерекшелігі сол, осы еңбектерге сипаттама беріліп, оның ерекшеліктерін айтуында. Яғни бұл кітап – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институттың жасаған жемісті еңбегі, - дейді  «Абай академиясы»ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір. – «Ұлы дала данышпаны – Абай» атты кітап 18 тараудан тұрады. Ғылыми еңбек ағылшын тілінде жарыққа шықты. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдардың ұлы ойшыл ақынның заманы, туып өскен ортасы мен барлық шығармашылығы жан-жақты қамтылды, - деді Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлұр.