Астанадағы ауыл шаруашылығы көрмесі қалай өтті?

Астанадағы ауыл шаруашылығы көрмесі қалай өтті?

Астанадағы ауыл шаруашылығы көрмесі қалай өтті?
ашық дереккөзі
Агроғылым, тенденциялар, инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ үздік сауыншылар байқауы, асыл тұқымды мал тұқымының аукционы және 200 келі алманың таратылуы – осының барлығы Орталық Азияда ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі – KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінің бір бөлігі болды. Астанада 12-14 қазан аралығында 20-дан астам елдің сала мамандары және 300 компания өкілдерінің басын қосқан шара өтті. Қазақстанға аграрийлер, ғалымдар, бизнесмендер, шенеуніктер, сарапшылар, инвесторлар, импорттаушылар мен экспорттаушылар келді. Олардың барлығы серіктестерді, одан әрі транзакциялар үшін байланыстарды, жаңа шешімдер мен технологияларды, құралдарды, идеяларды және ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеді. Шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен вице-министр Тамабек Әбілқайыр қатысты. Олар агроөнеркәсіптік кешен ел халқының жартысына жуығы үшін негізгі табыс көзіне айналғанын және оған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, оларды өңдеуге және сақтауға маманданғанын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өндіріс құралдарымен өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігін баса айтты.
«KazAgro/KazFarm көрмелерінің мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету және Қазақстанның барлық фермерлерін бірегей алаңға біріктіру. Бұл біз үшін өте маңызды оқиға. Көрмелер өткізу игі дәстүрге айналғаны қуантады», - деді министр.
Құрылғаннан бері көрмені 13-ші рет ExpoGroup компаниясы ұйымдастырып отыр. 
«Биыл көрмені 20 мыңнан астам адам тамашалады. Айта кетерлігі, біз агроғылымға үлкен мән беріп, отандық ғалымдарға қолдау көрсетіп, олардың ауыл шаруашылығы саласындағы әзірлемелерін жариялап жатырмыз. Олардың жұмысы қай кезде де көлеңкеде қалып қояды, біз олардың жұмыстарын жандандырып отырмыз. Сонымен қатар, биыл серіктестеріміз – ауылшаруашылық тауар өндірушілері дәстүрлі түрде ауқымды стендтерді ұсынып, мәмілелер жасап, жаңа тұтынушыларды тапты. Олардың барлығы келесі жылы көрмеге қатысатындарын растады», - деді ұйымның директоры Шолпан Қожабаева.
 

Ғылым және бизнес

Көрмені талқылаудың негізгі бағыты – отандық агроғылымды дамыту. Бүгінде Қазақстанда, әр өңірде дерлік ғылыми өңдеумен, жаңа технологияларды енгізумен, селекциямен айналысатын тәжірибе станциялары мен ғылыми-зерттеу институттары бар. Көрме барысында ғалымдар үшін өз жұмыстарының бірегей нәтижелерімен бөлісу, сондай-ақ шетелдік әріптестердің тәжірибесімен танысу маңызды болды.  Осы мақсатта «Агротрендтер – топырақ құнарлығын сақтау, органикалық егіншілік, климатқа қолайлы өндіріс» атты конференция ұйымдастырылды. Қазақстан мен Германия сарапшылары ауыл шаруашылығында ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті, оның ішінде су ресурстарын басқаруға, өсімдіктерді кешенді қорғау мен қоректендіруге, органикалық егіншілікке тұрақты ауыл шаруашылығы жүйесіндегі блок ретінде баса назар аударылды. Тұқым шаруашылығындағы ғылым мен бизнестің ынтымақтастығына арналған тағы бір конференция «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды. Баяндамашылар мемлекеттік және жеке саланың ғалымдары болды. Олар «Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясаты», «Тұқым нарығындағы ағымдағы жағдай және тенденциялар», «Қазақстандағы тұқым шаруашылығы, сорт сынау және тұқым сапасына сараптама», сондай-ақ «Тұқым шаруашылығының ғарыштық мониторингі» тақырыптарын қозғады. Сонымен қатар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мәселелері қаралды. Мал өсірушілер, ветеринарлар және мал шаруашылығы саласының инвесторлары үшін басқа да маңызды талқылаулар өтті. Ең маңызды жиындардың бірі – Қазақстан өсімдік өсірушілерінің ІІ слеті. Оған қатысу үшін еліміздің барлық өңірінен жетекші сала мамандары жиналды. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды. Іс-шара барысында өсімдік шаруашылығындағы жаңа технологиялар көрсетіліп, спикерлердің саланың маңызды мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды, сонымен қатар еліміздің үздік және озық өсімдік шаруашылығындағы шаруашылықтарын марапаттау рәсімі өтті. Өсімдік шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жеңімпаздарға «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.  

Цирфлық шешімдер

2022 жылдың жаңалықтарының бірі – AgroStream компаниясы әзірлеген агрономдарға арналған AgroMap мобильді қосымшасы. AgroMap агрономның жұмысын жеңілдету және ақпаратты өңдеуге көмектесу үшін жасалған. AgroMap-пен барлық ақпаратты өрістер бойынша топтастыруға, егін картасын жасауға, қауіптерді анықтауға, фотосуреттер мен тексеру парақтарын түсіруге, қауіптер каталогын құрастыруға, ауа райы карталарын көрсетуге және т.б. жасауға болады. Жұртшылықты таң қалдырғаны сиырларды өздігінен сауа алатын робот болды. Сиырларға қолайлы жағдай жасап, өнімділікті арттыруға арналған «Dairy Robot R9500» сауын роботының тұсаукесері өтті. Өлшемдері ықшам болғандықтан, жүйе жаңа құрылыс кезінде де, ескі сүт фермасын қайта құру кезінде де кәсіпорындардың инфрақұрылымына біріктірілуі мүмкін. Сонымен қатар келушілерге жаңа жүк көліктері мен техникалар, мамандандырылған шетелдік қондырғылар, Қазақстандағы алғашқы ауыл шаруашылығы техникасының ішкі нарығы және т.б. көрсетілді.  

Серіктестік және мәмілелер

Өткізілген барлық конференциялармен қатар, әртүрлі өндірістік компаниялардың көрмесі де өткенін айта кеткен жөн. Бизнес-қауымдастық өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, серіктестер іздеп, мәмілелер жасады. Көрмелер барысында келіссөздер нәтижесінде 100-ден астам әртүрлі келісімдер, мәмілелер, меморандумдар мен келісім-шарттар жасалды. Биылғы ең үлкен стендтердің бірін Қостанай агромеханикалық зауытының ресми дилері Kamz Agro ұсынды. Кәсіпорын өкілдері көрме кезінде 26 миллион теңгенің өнімін өткізіп үлгерді.
«Біз бұл көрмеге екінші жыл қатысып отырмыз, өткен жылы жалға алу алаңы шамамен 100 шаршы метрді құрады. Биыл – 720 шаршы метр. Халық Қазақстанда машина жасау барын көрсін. Беларусь, Испания, Түркия және басқа елдердің зауыттарымен ынтымақтасамыз. Осы көрме аясында біз 26 млн теңгеге екі дана техника саттық. Бір сатып алушы Ақмола облысының Ақкөл ауылынан болса, екінші сатып алушы – Оралдан», - деді Kamz Agro директорының орынбасары Қуанышбек Әбдірахманов.
Көрмеге ұсынылған компаниялардың бірі – 1953 жылдан бері ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын шығаратын ірі американдық өндіруші Massey Ferguson. CanAgro 2016 жылы Қазақстандағы дистрибьютор болды. CanAgro маркетологы Руслан Жоламанов көрме барысында мамандардың қандай нәтижелерге қол жеткізгенін айтып берді.
«Біздің компания нарықта 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта біз Massey Ferguson брендін ұсынамыз. Біздің компания көрмеге құрылған күннен бастап жыл сайын қатысып келеді. Тапсырыс берушілер көп, бағаның қымбаттауына қарамастан, құрал-жабдық алуға қызығушылық танытқандар бар. Бізде қазірдің өзінде жабдықты сатып алу туралы алдын ала ниеттілер тіркелді, біз сатып алып, келісім-шарт жасастық», - деді ол.
Көрме аясында ауыл шаруашылығы саласының тенденцияларын талқылаудан басқа, арнайы техникалар мен конференциялар көрсетілді, түрлі байқаулар, жиындар және басқа да интерактивті іс-шаралар өткізілді.  

Мал тұқымының аукционы

KazAgro/KazFarm көрмелерінің тарихында тұңғыш рет 2022 жылы қой мен ешкі тұқымдық материалдары бойынша аукцион өтті. Көрмеде «элита» класындағы асыл тұқымды қошқарлар, Еділбай, Гэмпшир, Дорпер, Қаракөл, Саанен сүтті тұқымдары уақ малдар ұсынылды. Тұқымды криоконсервациялау IMV (Франция) технологиясы бойынша зертханада жүргізіледі. Мұндай биоматериалдың бағасы жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өту маңызды. Сондықтан сатып алушылар сатып алудан ақша таба алады. Биоматериалды 100 жылға дейін сақтауға болады. Сауда-саттық кезінде ең жоғары баға 1 млн теңгеге жетті. Тұқымның дозасын қарапайым фермерлер де, белгілі қазақстандықтар блогерлер - Сырым Итқұлов, Өркен Кенжебек, Данияр Қалдыбаев және басқалар жеңіп алды. Слоттардың бірінде қазақстандық тележүргізуші және медиаменеджер Ләйлә Сұлтанқызы жеңіске жетті. Ол Гэмпшир тұқымының асыл тұқымды қошқарының биоматериалының (тұқымының) бір дозасын жеңіп алды.
«Мен аукционға қатысуды шештім, өйткені менің туыстарым егіншілікпен айналысады. Мұндай іс-шараларды көру өте жақсы екенін атап өткім келеді, өйткені олар біздің асыл тұқымды малдарымыздың тұқымдарын және жалпы отандық аграрлық индустрияны танымал етеді», - деп атап өтті тележүргізуші.
 

«Үздік сауыншы» байқауы

Көрме аясында «Үздік сауыншы» байқауы өтті, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алды. Басекелестердiң тәжiрибесi, жынысы сияқты мәселелер манызды болған жоқ. Ұйымдастырушыларды таң қалдырғаны, байқауға қатысушылардың 80%-ы ер адамдар болды. Шарт бойынша қатысушылар 2 минут ішінде ең көп сүтті саууы керек еді. Жүлде – ауылшаруашылық өнімдерінің бір букеті және 25 келі ұн. Жеңімпаздар қатарында Qazaqstan телеарнасының журналисі, сүт-тауар фермасының бригадирі, үй шаруасындағы әйел, кәсіпкер және т.б. болды. Байқаудың ең жас қатысушысы – небәрі 8 жаста.  

Үш тоқтының ұтысы және 200 кг алма тарату

Көрме қонақтары үшін тағы бір қуанышты іс-шара – кездейсоқ үш тоқты ойнатылатын лоторея. Қатысу үшін kazagroexpo.kz сайтында көрме қонағы ретінде тіркеліп, ұтыс ойынына келу жеткілікті болды. Абай ауданынан шыққан стартаптың өкілі, IT маманы KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінде ойнатылған үш тоқтының бірін жеңіп алды. Самуил Темірханов Abai IT-Valley стартапында жұмыс істейді.  «Бізде үш компонентті біріктіру технологиясымен байланысты ауыл шаруашылығы жобасы бар: майнинг, жылыжай өнеркәсібі және күн электр энергиясын өндіру. Агромайнинг жобасы бізге басқалармен қатар ауыл шаруашылығы конференциясына қатысуға мүмкіндік береді. Біз мұнда инвестор іздеуге, жетістіктерімізді көрсетуге келдік», - деді ол. Тағы екі жеңімпаз – үш жасар баласын техниканы көруге әкелген астаналық және агроном. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар 200 келі алманы тегін таратты: 100 келі алма – көп балалы отбасыларға және тағы 100 келі көрменің түрлі келушілеріне сыйлық ретінде үлестірілді.  

Көшеде жануарларды көрсету

Қонақтарға көрме алаңының жанындағы көшеде асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлардың көрмесі ашылды. Тілек білдірушілер жануарларды тамашалап, суретке түсіп, Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы туралы ақпарат ала алды.