Жаңалықтар

Желіде Рудныйдағы 6 жасар егіздердің өліміне қатысты аудиожазба тарады

ашық дереккөзі

Желіде Рудныйдағы 6 жасар егіздердің өліміне қатысты аудиожазба тарады

Қостанай облысы полиция департаменті 2016 жылғы ағайынды балалардың өліміне қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. «Рудный қаласында алты жасар екі баланың өлімі фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында. Қостанайлықтар мессенджерлерде анасы балалардың өліміне есірткіден улану себеп болуы мүмкін екенін айтып жатқан аудиожазба таратты. Жазбаға сәйкес, анасы мен ұлдары дүкенге барғанда балалары сыртта қалған. Анасы дүкеннен шыққанда, екі ұлының қолында кәмпит бар екенін көрген. Балалар тәттіні бейтаныс аға ұстатып кеткенін айтады. Үйге келгенде әйел кәмпитті қоқыс жәшігіне тастаған. Бірақ балалары оны сол жерден алып жеуі мүмкін. Әйелдің айтуынша, балалар бүгін жерленеді.