Жаңалықтар

Психологиялық тест: суреттен бірінші нені көрдіңіз?

ашық дереккөзі

Психологиялық тест: суреттен бірінші нені көрдіңіз?

Суретке мұқият зер салыңыз. Ең алдымен нені байқадыңыз? 

Қол

Еркіндікті жақсы көретін адамсыз. Досқа адал жансыз. Өзгенің құпиясын сақтай білесіз, пікірімен санаса аласыз. Кез келген ортаға тез бейімделіп, шулы кештерге қатысқанды ұнатасыз. Әрқашан көмекке дайын тұрасыз. Қажет кезде кеңес беруге дайынсыз. Десе де, өз сезімдеріңізді жиі тежейсіз.

Піл

Айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Әрқашан терең ойда жүресіз. Ортаға бірден бейімделе алмайсыз. Бірақ жақыны үшін жанын беретін адамсыз. Әдетте, болашаққа күдікпен қарайсыз. Кез келген ақпаратты сүзгіден өткізесіз. Писсимистік көзқарасты ұстанасыз.