Алматыда "Жанна" сауда үйінен өрт шықты

Алматыда "Жанна" сауда үйінен өрт шықты

Алматыда "Жанна" сауда үйінен өрт шықты
ашық дереккөзі
"Жанна" сауда үйінде өрт болып, 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. Өрт туралы ақпарат бүгін сағат 16:40-та белгілі болды.  ТЖД пультіне Алмалы ауданы, Абай даңғылында орналасқан "Жанна" сауда үйіне қарасты жеке тұрған ғимаратының жертөлесі түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. "Шақырту түскен орынға алғашқы бөлімше 16:52-де жетті. Өрт сөндірушілер тыныс алу мүшелерін қорғауға арналған аппарат қолдана отырып, ғимаратта адам барын тексеріп шықты. 70 қауіпсіз жерге шығарлды. Сонымен қатар, өрт ошағын анықтау жұмысы жүргізілді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 17:05-те өрт ауыздықталып, 17:14-те толықтай өшірілді. "Өрт аумағы үш шаршы метр болды және кеңсе техникасы тұтанған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 45 адам, 4 негізгі және 13 арнайы техника тартылды", - деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері.