Елімізде такси бағасы бір жылда қаншаға қымбаттады?

Елімізде такси бағасы бір жылда қаншаға қымбаттады?

Елімізде такси бағасы бір жылда қаншаға қымбаттады?
ашық дереккөзі
Numbeo мәліметтері бойынша, 6 қазанда 1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Пәкістанда, ал ең жоғарғысы Швейцарияда тіркелді деп хабарлады turkystan.kz. Ranking.kz сайтының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 1 шақырымға есептегенде такси қызметінің бағасы 0,32 доллар болған. Баға бойынша, 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда қымбатырақ такси қызметтері Әзербайжан мен Ресейде, арзанырағы - Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда тіркелді. Қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметтерін көрсететін компаниялардың табысы 3 млрд теңгені құрады. Сектордағы ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелді. Көшбасшылар үштігіне елорда және Алматы қалаларында байқалды. Жыл басынан бері 1,4 миллиард жолаушы такси қызметін пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға көп. Тамыз айының қорытындысы бойынша, такси бағасы бір жылда 9%-ға өсті. Өңірлік бөліністе Жетісу облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінді: бір жылда 37,7%. Үштікте Алматы және Абай облыстары тұр. Бағаның ең төмен жылдық өсуі Ақмола облысында тіркелді. Тағы төрт облыста — Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістан облыстарында бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.