«Бұл дұрыс емес»: танымал бапкер Головкинге кеңес берді

«Бұл дұрыс емес»: танымал бапкер Головкинге кеңес берді

«Бұл дұрыс емес»: танымал бапкер Головкинге кеңес берді
ашық дереккөзі
Америкалық бапкер Абель Санчес орта салмақта WBA және IBF чемпионы Геннадий Головкин қазіргі жалқау чемпиондар емес, белсенді болып жүрген боксшылармен жекпе-жек өткізуі керек деп есептейді деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Маманның сөзінше, WBC чемпионы Джермалл Чарло мен WBO титулын босатқан Деметриус Андраде тек ақшалы айқасты ғана күтумен жүр.
«Шынын айтқанда, Геннадий Чарломен жекпе-жекке шыққанын қаламаймын. Джермалл рингке тым сирек шығады. Ол титулы жоқ, бірақ белсенді болып жүрген боксшылардан кейін тұр. Міне, сол белсенділік үшін басқаларға мүмкіндік беру керек, олар көбірек лайықты. Ал Чарло мен Андраде отырып алып, үлкен гонорар күтіп отыр. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын», - дейді Санчес.
Айта кетейік, америкалық Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтаспау үшін, WBO белебуін босатып, екінші орта дивизионға көтеріліп кеткен болатын.