Түрікменстан Президенті Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарымен келді

14 қазан, 2022 / Зердебек Темір
ашық дереккөзі
Түрікменстан Президенті Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарымен келді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды деп хабарлады turkystan.kz.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.