5 өңірде дауылды ескерту жарияланды

5 өңірде дауылды ескерту жарияланды

5 өңірде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» синоптиктері 5 өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Ақтауда күндіз қатты жаңбыр жауады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел соғып, екпіні 16 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.