Петропавлда жоғалған бала көршісінің жанынан табылды

Петропавлда жоғалған бала көршісінің жанынан табылды

Петропавлда жоғалған бала көршісінің жанынан табылды
ашық дереккөзі
13 қазан күні түстен кейін Петропавлдағы әлеуметтік желілерде екінші сынып оқушысының қаланың ішінде жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ата-анасы оның сағат 13:00 шамасында жоғалып кеткенін хабарлаған. Ол туралы бағдарлар петропавлдық полицияның барлық жеке құрамына және облыстық Полиция департаментінің сыртқы қызметтеріне жіберілді. Іле-шала тәртіп сақшылары қала көшелерінде баланы іздеуге кіріскен. Нәтижесінде баланы полиция қызметкерлері Иван Ерёменко мен Жан Оразалин мінген патрульдік полиция батальонының экипажы тауып алды. Олар саяжайлардың бірін қарап шыққан соң қала көшелеріне қарай ойысқан. Тәртіп сақшылары жоғалған бала өз үйінен алыс емес жерде көршісімен әңгімелесіп тұрғанын байқап қалған. Осыдан кейін әбден абыржыған ата-анасына дереу ұлдарының табылғаны жайлы айтылды. Ал еріктілер тез арада әлеуметтік желілерде баланың отбасымен қауышқанын хабарлады.
– Бала адасып кеткен, өйткені отбасы жақында жаңа мекен жайға көшіп келген. Ювеналдық полицейлер ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді. Петропавлдықтардан кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауын сұраймыз. Егер олар жоғалып кетсе, дереу “102” арнасына хабарласыңыздар, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.