ІІМ «ресейлік мигранттар» туралы видеоға қатысты түсініктеме берді

ІІМ «ресейлік мигранттар» туралы видеоға қатысты түсініктеме берді

ІІМ «ресейлік мигранттар» туралы видеоға қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Stopfake.kz сайты «Жесть дня» Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соғудың видеосы жарияланғаны жайлы жазды деп хабарлады turkystan.kz. Зардап шегуші – Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар – Қазақстан азаматтары екен. Видео бойынша жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болған. ҚР ІІМ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне дәлел жоқ.
– Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар полицияға өтініш түскен жоқ, – деп түсіндірді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бұл кадрларды Қазнет пайдаланушылары да талқылауда. Мысалы, блогер Ұлан Әбішев ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған бұл видеоны қойылым деп санайды.
 “Түрлі ақпараттың, фейктердің көп таралуы, сайттарға жасалған DDoS -шабуылдар – біреулер Қазақстанға қатысты ақпараттық науқан жүргізіп жатқанға ұқсайды” деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.