Жаңалықтар

Бублик Флоренциядағы турнирдің ширек финалына өтті

ашық дереккөзі

Бублик Флоренциядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Флоренцияда (Италия) өтіп жатқан ATP 250 турнирдің екінші айналымында франциялық Корентин Моутені (69-орын ATP) жеңді деп хабарлады turkystan.kz. 1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды. Ширек финалда Александр америкалық Джон Вольфпен кездеседі. Еске салсақ, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымдағы кездесуде Чили өкілі Кристиан Гаринді 7-5, 6-2 есебімен ұтқан еді.