Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында алтын алды

Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында алтын алды

Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатында алтын алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 89 келіге дейінгі салмақта топ жарды деп хабарлады turkystan.kz спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. Қызылордалық спортшы жұлқа көтеруде 165 келімен күміс медаль алса, кейін 197 кг тасты серпе көтеріп, алтынға қол жеткізді. Жалпы есепте 362 келіні еңсерді. Күмісті Асылжаннан небәрі бір келіге қалып кеткен қырғыз Эмиль Молдодосов (361 кг) жеңіп алса, қола ирандық Масуд Шатраиге бұйырды (358 кг). Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Кирилл Староверкин жалпы есепте 330 келімен (153+177) 7-орынға тұрақтады.  width= Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының (2015, 2017 жылдары) және кубогының (2016 жылы) күміс жүлдесін иеленді. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бапкері – Қалдыбай Тоқбаев.