9 әдістемелік кешен, 26 оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесер рәсімі өтті
9 әдістемелік кешен, 26 оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесер рәсімі өтті
12 қазан күні Астанада Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясының мәжіліс залында 9 әдістемелік кешен, 26 оқу-әдістемелік құралдық тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесер рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім саласының өкілдері қатысты.
Кітап лентасын Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-әдістемелік орталығы бас сарапшысы Қайрат Амангелдіұлы қиды.
Сондай-ақ шара аясында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 ұлттық гимназиясының «Мағжан дәірсханасының» ресми ашылу салтанаты өтті. Жаңа дәрісхананың лентасын Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағанбетова қиды.
«Ұлттық мектептік нағыз үлгісі – 90-ші ұлттық гимназия, ал ұлттың нағыз жанашыры ретінде – Аятжан Ахметжанұлын айта аламын. Ұстаздарына барынша жағдай жасап, олардың еңбегінің жарыққа шығуына тікелей мұрындық болып отырған «QAZBILIM» баспасына және осы іс-шараны ұйымдастырған барша қызметкерлерге алғыс білдіремін. Мен ата-ана, әрі ұстаз әрі журналист ретінде үш жақтан осы еңбеіктің шығуна, өз уақыты мен білімін сарп еткен ұстаздар алдында басымды иемін», - деді журналист Алма Сайлауқызы.
Кітаптардың жарыққа шығуына демеушілік еткен «QAZBILIM GROUP» Бас директоры Гүлбану Қанайқызы сөз алып, ұстаздарға алғыс білдірді. Сондай-ақ ұстаздарымызға «QAZBILIM GROUP» атынан арнайы дайындалған тәтті тортты кесу рәсімі өткізілді.
Қосымша ақпарат:«QAZBILIM» жобалары білім саласында 7 жылдан астам уақыт қызмет жасап сапалы білім, жүйелі бағдарлама, үздік нәтиже көрсетіп келеді. Қазіргі таңда еліміздің 12 қаласында 17 бөлім жұмыс жасап жатыр. QAZBILIM қоржынында 150-ден аса авторлық оқу-әдістемелік құралы бар. QAZBILIM негізі қаланған уақыттан бері 10 000 астам оқушы білім алып, жоғары нәтижеге жетті.