Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейс іске қосылды

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейс іске қосылды

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейс іске қосылды
ашық дереккөзі
Орталық Вьетнамның туристік астанасы Нячанг қаласы мен Алматы қаласын байланыстыратын әуе рейстері қосылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Вьетнам мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Vietjet компаниясы салтанатты түрде жарияладыг Vietjet авиакомпаниясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен  Азаматтық авиация комитетінен FAOC сертификатын алды.  width= Жиынға Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Е.П. Во Тхи Ань Суан, Қазақстан үкіметі басшылары және екі елдің жоғары лауазымды басшылары қатысты. Рейстер қазан айында іске қосылады және ұшу уақыты 9 сағаттан асатындықтан, рейстер аптасына 2 рет болады.
Vietjet Қазақстан мен Орталық Азияны Вьетнаммен байланыстыратын жаңа бағдарлар экономика, сауда және туризм саласындағы бірлескен жобалардың дамуына ықпал етеді деп санайды. Vietjet клиенттерді саяхатта, жұмыста, оқуда, туыстарына баруда және т. б. заманауи кең фюзеляжды A330 ұшағында тамаша қызметпен қамтамасыз етеді, - деді Vietjet вице-президенті Чу Вьет Куонг.