Елімізде 18 мың заңсыз жалдамалы пәтер анықталды

Елімізде 18 мың заңсыз жалдамалы пәтер анықталды

Елімізде 18 мың заңсыз жалдамалы пәтер анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің бастамасымен республика аумағында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен жылдың соңына дейін «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2,4 млн жеке үй мен 2,5 млн пәтер тексерілген. Тұрғылықты мекенжайы бойынша 123 392 шетел азаматтары анықталып, оның ішінде мерзімі аяқталғаны және елімізден шығарылғаны 7 728 адамды құраған. Сонымен қатар, ҚР азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу дерегі 27 210-ға жеткен. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен жылдың соңына дейін 56 мың жалдамалы пәтерлер тексеріліп, соның 19 917-сі жалдамалы пәтер екендігі анықталды. Салық органдарына 18 088 көрсетілім ұсынылды, яғни 18 мың пәтер салық органдарында рәсімделмеген. 608 қылмыскер және 499 із-түссіз жоғалушылар іздестірілді. Заңсыз айналымдағы 390 атыс қаруы, соны ішінде 32 кесетін құралдар алынған.