Атырауда бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды

Атырауда бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды

Атырауда бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды
ашық дереккөзі
Атырауда бір күнде ауруханада екі жүкті әйел қайтыс болды. Екеуі де Мақат ауданының тұрғындары деп хабарлады turkystan.kz.
12 қазанда Атырау облысында екі жүкті әйел қайтыс болды. Бірінші жағдай облыстық ауруханада тіркелген. 33 жастағы Атырау облысы Мақат аудананың тұрғыны жүктіліктің 12 аптасында болған. Ол үнемі ауруханаға барып, дәрігерлердің қарауында болған. Өткен жылдың мамыр айында басында ісігі бар екені анықталып, дәрігерлік есепке тұрған. Соңғы аптада басының ауруы жиілеп, дәрігерге қаралып, жүрегі айни берген. Науқас 9 қазан күні облыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға келген кезде оның басы ауырып, айналып, құса берген. Ауруханада оған қажетті ем шаралары көрсетілді. Бірақ жағдайы нашарлап, оны жансақтау бөліміне жатқыздық. Өкінішке орай, науқас қайтыс болды, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан Байдуәлиев.
Әйелдің өлімі себебі - cепсис, септицемия, өкпе қабынуы. Дәл осы күні Мақат аудандық ауруханасында тағы да бір жүкті әйел қайтыс болды. Ол ауруханаға шұғыл жеткізіліп, жүрегі үш рет тоқтап қалған. Науқас жүктіліктің 32 апталығында болған.
Оны дереу жасанды тыныс алу аппаратына қостық. Қажетті медициналық көмек көрсеткеніміз, әйел көз жұмды. Оған вирустық-бактериялық генез сепсисі деген диагноз қойылды. Екі науқастың өлімін зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана толық айта аламыз, – деді облыстың бас дәрігері.