Жаңалықтар

Қазақстанда тіркелген ерекше көлік АҚШ-та рекордтық бағаға сатылды

ашық дереккөзі

Қазақстанда тіркелген ерекше көлік АҚШ-та рекордтық бағаға сатылды

Америкалық коллекционер Қазақстанның мемлекеттік тіркеу нөмірі бар сирек кездесетін Toyota көлігін 146 млн теңгеге сатып алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Motor.ru сайтының мәліметінше, ескі Toyota Mega Cruiser жол талғамайтын көлігін америкалық коллекционер аукцион барысында жаңа Lexus LX бағасынан 3,5 есе қымбатқа алған. 1996 жылы шыққан, 91 мың шақырым жол жүрген көліктің су жаңа қожайыны оған 310 мың доллар төлеген. Теңгеге шақсақ, көлік 146 млн теңгеден астам сомаға бағаланып отыр. Toyota Mega Cruiser — жапон армиясы мен барлау қызметтері үшін жасалған үлкен рамалы жол талғамайтын көлік. Автокөлік 1995-2001 жылдар аралығында Жапонияның ішкі нарығы үшін шығарылған. Тек 150 жер талғамайтын көлік қана жеке тұлғаларға арналған.