Жаңалықтар

Халық сайлаған Президент халықтың мүддесін қорғайды деп сенеміз - Бауыржан Ибраев

ашық дереккөзі

Халық сайлаған Президент халықтың мүддесін қорғайды деп сенеміз - Бауыржан Ибраев

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау жалғасуда. Ақмола облысындағы партия мүшелерінің пікірінше, алдағы президент сайлауы елдің болашағын шешеді, сондықтан көпшілік оған үлкен үміт артып отыр.  «Біз халық сайлаған Президент халықтың мүддесін қорғайды және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істейді деп сенеміз, сондықтан да сайлауға белсенді қатысамыз. Мұғалімдерге келетін болсақ, көп оң өзгерістер жасалды. Дегенмен елімізде мұғалім мамандығының беделін арттыру үшін әлі де атқарылар жұмыстар баршылық», - деді Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ибраев. Өз кезегінде Ақтөбе қаласында «AMANAT» XXIV Съезінің делегаттары «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ базасында партия мүшелерімен кездесті. Партияның Саяси кеңесінің мүшесі Айнұр Бақтығалиева атап өткендей, алдағы сайлау азаматтық жауапкершіліктің көрсеткіші болады. «Еліміздегі Президент сайлауы, бұл - дер кезінде өтіп отырған іс-шара. Еліміздің тағдырына бейжай қарамайтын, Қазақстанды Тәуелсіз мемлекет ретінде дамытудың маңыздылығын түсінетін әрбір қазақстандықты өз таңдауын жасауға шақырамыз. Белсенді болып, дауыс беруге келіңіздер», - деді ол.