ОҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

ОҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

ОҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Мұқан Егізбаев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұқан Кеңесбекұлы 1962 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы педиатр-дәрігер, экономист, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-ординаторы болып бастаған. Ал 1988-2008 жылдары Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі, бас дәрігері, облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің бас дәрігері, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған. 2008 жылғы қыркүйек айынан бастап облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келеді.