Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауапкершілік

Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауапкершілік

Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауапкершілік
ашық дереккөзі
– Бүгінде еліміз жаңа дәуірге қадам ба­сып, өзінің тәуелсіздік жылдарындағы жаңа­ру белесіне көтерілгелі тұр. «AMANAT» пар­тиясы өзгерістер үдерісінде тарихи жауап­кершілік тұрғысынан жаңа тұғыр­на­ма қабылдау арқылы «Жаңа Қазақстан» құру ісіне белсене араласпақ. Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауап­кер­ші­лік. Біз ертеңгі ұрпаққа әділетсіздіктен арыл­ған, жемқорлықтан жерінген, экономикасы ең­се­лі қоғам қалдыруымыз керек. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясы мен оның жақтастары ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баянды бастамаларына шынайы қолдау көрсетіп, сын­дарлы сәтте барша қазақстандықты ортақ мақ­сат, ортақ мүддеге топтасуға үндейді. Бұл – дана қа­зақтың «Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шы­ғару» деген қанатты қағидасын қазық еткен құн­дылық. Біз ең әуелі Сіздердің талғам тара­зы­ларыңыз­ға ұсынылып отырған «AMANAT» пар­тия­сының жаңа саяси тұғырнамасы жергілікті дең­­гейдегі проблемалардан бастап, жаһандық режимдегі сын-қатерлерді толық қамтыған құ­жат ретінде қарауымыз керек. Өйткені «AMANAT» партиясы кешегі күнге дейін билік партиясы ретінде еліміздің саяси аренасында салмақты күш болып келді. Олай болса, тәуелсіз Қазақ­стан­ның өткен 30 жылда қол жеткізген табыстарына қан­шалықты үлес қосқан болсақ, жіберілген қа­теліктер үшін соншалықты жауапты екенімізді тү­сіндік. Енді түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде мем­лекеттік билік ықпалынан дербестік алған де­мократиялық күш ретінде ұлы өзгерістерге өз үле­сімізді қосуға тиіспіз. Тұғырнама жобасы біздің барлық әлеуетіміз бен күш-жігерімізді осы мақсатқа жұмылдырады. Өйт­кені азат ойлы қазақ қоғамындағы әлеуеті зор саяси күш ретінде біз өзгерістерді өзімізден бас­тауға ниеттіміз. Халық арасында «Партияның аты ғана өзгерді» деген жаңсақ пікір айтылып жүр­генін де жақсы білеміз. Алайда партия атауы­на лайық деп таңдалған «AMANAT» сөзінің аста­рын­да бабалар аманаты деген қасиетті ұғымның бар екенін сезінген біз бұл пікірдің жаңсақ еке­нін дәлелдеу үшін сөзден іске көшіп, әділдік үшін күресуіміз керек. Жаңа тұғырнама осыны мақсат етеді. Партияның жаңа тұғырнамасында «Біз Асан­қайғының Жерұйығы мен әл-Фарабидің ізгі қо­ғам идеясын, Абайдың толық адам концепциясын, Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің ағар­тушылық миссиясын, Әлихан Бөкейхан бас­таған Алаш арыстарының ұлы мұраттарын үлгі-өнеге тұтамыз» деген тұғырлы түйін бар. Осының өзі біздің заман мен уақыт алдындағы, ел дамуы мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкер­шілі­гіміз­ге өлшем болса керек. Еліміздің тұтастығы мен мемлекеттігін қалыптастыру жолында та­лайлы тағдыр кешкен тарихи тұлғалар тағы­лы­мынан тамыр тартқан сабақтастықтың өзі «AMANAT» партиясы ұстанымының өміршеңдігін, ба­ғытының халықшылдығын айқындайды. «Біздің мақсатымыз – Қазақстанның әрбір аза­ма­тының құқығы, еркі қорғалған, адал ең­бе­гі­мен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру. Қазақстанның тер­ри­ториялық тұтастығы мен мызғымастығын сақ­тау, қауіпсіздігін күшейту, халықтың әл-ауқатын жақ­сарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаң­ғыр­­тып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түп­кілікті орнықтыру, ашық азаматтық қоғам қа­­­лыптастыру. Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік!» деп жазылған пар­тия тұғырнамасында. Ендеше мақсат-мінде­ті­міз нақтыланып, бағыт-бағдарымыз айқын­далды. Сонымен, «Біздің байлығымыз – адам», «Аза­маттық қоғам – дамудың кепілі» және «Мемлекет жә­не біз» деп аталатын үш тарауға тармақталған жаңа тұғырнамамыз ұлы мұрат жолындағы тари­хи сапардың бағдарын айқындайтын құжаттың құн­дылығы неде? Құндылық – бейнелі сөз ғана емес, береке мен бірліктің жемісі. «AMANAT» партиясының жаңа тұғырнамасында партияның ғана емес, бар­ша қазақстандықтың мүмкіндігі мен асыл мұ­раты бар. Әр адамның жайлы тұрмыс, бақуат­ты өмір сүруіне біздің партия ерекше мүдделі. Бұл мәселеге қатысты партияның мақсаты тұғыр­наманың «Біздің байлығымыз – адам» атты тарауында қамтылған. Қазақстанның әрбір аза­матының конституциялық құқығының қор­ғалуы, әлеуметтік тұрмысы, болашағына алаң­да­м­ай ғұмыр кешуі секілді жауапкершіліктің бар­лығы партия назарынан тыс қалып отырған жоқ. Отбасы институтын дамытуға, отбасылық құн­ды­лықтарды дәріптеуге бағытталған «Берекелі отбасы» жобасының қарапайым қазақстандықтар үшін берері көп. Еліміздегі демографиялық ахуал, әрбір ата-ананың өз баласын еш алаңсыз тәр­бие­леуіне жағдай жасау деген сияқты маңызды мін­деттер партиялық жобамызда ауқымды түрде қам­тылып отыр. Партиямыздың тағы бір маңызды жобасы – «Білімді ел». Жалпы, жаңа саяси тұғырнама ар­қы­лы ұсынып отырған партиялық идеялардың бар­лығы мемлекеттік басқару аппаратының жұ­мысымен астасып жатқанын ерекше атап өту­ге тиіспіз. Өйткені «AMANAT» партиясы мақ­сат етіп отырған игілікті жобаның барлығы Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсын­ған саяси реформалармен сабақтаса үндесіп жа­тыр. «Білімді ел» жобасы да – осы мақсат үде­сінен шығатын тыңғылықты жоба. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ұлт тұлғасы. Ал тұлға қалыптастырудың алғышарттарын тұғыр­наманың «Біз тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Бұл – зияткер, озық ойлы ұлтты қалып­тастырудың негізгі алғышарты. Мемлекет білім, ғылым саласын дамытуға ба­­­сымдық беріп, қаржыландыруды ұлғайта бере­ді. Мектепке дейінгі, орта, кәсіптік, жоғары білім беру жүйесіне кешенді өзгерістер керек. Бала­бақ­ша, жатақхана жетіспеушілігі, үш ауысымды, апат­ты мектептер мәселесі қысқа мерзім ішінде ше­шімін табуы тиіс» деген бөлімінен нақтылауға бола­ды. Тұғырнамада тұжырымдалған әрбір ба­ғыт халықтың бақытына бастау болары сөзсіз. Тек қана жұдырықтай жұмылып, бірлік пен ын­ты­мақ танытуымыз керек. Тұғырнаманың «Халық саулығы», «Еңбек – та­быстың кілті» бағыттарында да қарапайым ха­­­лықтың әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру мә­селесі айтылады. Азаматтық қоғам дамудың бірегей күші екені қо­ғам өмірінің әрбір сәтінде көрініс тауып ке­леді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, азаматтық қо­ғам белсенділігі еліміздегі заңдылық пен тәр­тіп­тің, өркендеудің негізгі қозғаушы күшіне айна­лып үлгерді. Қоғамдық ой мен мораль, соған сай іс-әрекет жаңа әлеуметтік қатынастарды, инклю­зив­ті орта мен жаңа саяси мәдениетті қалыптас­тыру­ға, әділетсіздік пен заңсыздықтардың, жем­­­­қорлықтың алдын алуға, құбылмалы заманда елі­міздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тірек бо­лып отырған азаматтық қоғамның белсен­ділі­гін одан әрі дамытуға біздің партия да мүдделі. Өйткені демократиялық қоғам қағидаттарының қазығы – азаматтың қоғамның еркіндігі. Сондай-ақ Қазақстан – түрлі көзқарас, алуан пі­кір тоғысынан біртұтас ұлт қалыптастыруға ұм­тылған бірден-бір мемелекет. Бұл мақсатта Қа­зақстан ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікке, ұл­таралық татулық пен қоғамдық келісімге арқа сүйейді. Берекелі бірлік біздің мемлекеттігіміздің ір­гетасы ретінде бағаланады. Ал біздер осы құн­ды­лықтарымыздың қадірін қашырып, бірлігімізге сы­на қағуға жол бермейміз. Жаңа тұғырнаманың не­гізгі бағыты осы мәселені қамтиды. Елімізде әлеуметтік әділдік салтанат құратын мез­гіл әлдеқашан жеткенін сіз бен біз өте жақсы бі­ле­міз. «AMANAT» партиясы әлеуметтік әділ­дік­тің адамдар санасында құр қиял, қолжетпес ар­ман болып қалуына да түбегейлі қарсылық та­ны­тады. Яғни, жаңа тұғырнама сөзден іске кө­ше­тін уақыт болғанын ескеріп, тұтас қоғамды осы мақсатқа жұмылдырып отыр. Ұлт мәйегі ре­тінде дәріптеліп келген рухани құнды­лық­тарымыз жаһандану жұтқыншағына жұтылып кетпеуі үшін де жүйелі жұмыс жүргізетін бола­мыз. Партия бұл бағыттағы жұмысты бұрын да бас­тап кеткен. Жаңа тұғырнамада сол жұмыс­тар­ды жүйеге келтіріп, осы мақстаттағы партия­лық жобаларға жалпыхалықтық сипат беруді көздейді. Әсіресе, мемлекеттік тілдің барлық са­ла­да үстемдікке ие болып, тұтас қоғамда ең бас­ты байланыс құралына айналуын біздің пар­тия ғана емес, барша қоғам қалап отыр. Біздің жо­ба осы жұмыстардың жандануына дем беретін бо­лады. Тұғырнаманың «Мемлекет және біз» бағы­тын­да Президент бастамасымен Ата Заңымызға ен­гізілген өзгерістердің іс жүзінде орындалуын, тиім­ді мемлекеттік басқару жүйесін орнықтыру, заң мен тәртіптің салтанат құруына ықпал ету мә­се­лелері ауқымды түрде қамтылған. Жер игі­лігін халық көру керек деген қағиданың аясында жұмысын бастап кеткен «Жер аманаты» жобасы жемісін бере бастағанын білесіздер. Жақында ға­на партияның Қарағанды облыстық филиалы рес­публика бойынша бірінші болып пайдала­ныл­май жатқан немесе заңсыз иеленіп келген 1 млн гек­тарға жуық жерді мемлекет меншігіне қай­тару­ға ықпал етті. Бұл дегеніміз халықтың пар­тияға деген сеніміне серпін беретін фактор бол­ғаны көңіл қуантады. Осы мақсаттағы жұ­мыстарымыз дәл осылай нәтижелі жалғасатын бол­са, «AMANAT» партиясы әрқашан сенім үдесі­нен шыққан шынайылығымен даралана берері даусыз. Мемлекет басшысы жаңа саяси мәдениет қа­лып­таспайынша, жаңару болмайтынын үнемі айтып келеді. Дәл осы бағыттағы мақсат-міндет­тер­дің түйіні партияның жаңа саяси бағдар­ла­масында толыққанды тарқатылған.