Жаңалықтар

«Үйден шықпаймын»: Хабиб өмірінде қандай өзгеріс болғанын айтты

ашық дереккөзі

«Үйден шықпаймын»: Хабиб өмірінде қандай өзгеріс болғанын айтты

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов (29-0) неге үйден тәуліктеп шықпайтынын айтты деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Топас адам ғана әлеуметтік жауапкершілікті сезінбейді. Танымалдылық адамды ішінен өзгертуі мүмкін. Мен жабық мінез болып бара жатқандаймын. Қазір көпшілік жиналған орындарға мүлде бармаймын. Жақындарым тойға шақырады, бармауға тырысамын. Кейінгі бес жылда барған тойларым саусақпен санарлық. Ал үйленген туыстарым қаншама! Үй - мен үшін ең жайлы орын. 2-3-4 тәулік үйден шықпайтын кездерім болады», - дейді Хабиб.