13 қазанға арналған ауа райы болжамы
13 қазанға арналған ауа райы болжамы
Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігі жауын-шашынсыз болады деп хабарлады turkystan.kz "Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сүйеніп.
"Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстікте, шығыста тұман болады", - деп жазылған "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус аяз сақталады.
Астана қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +17...+19°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +20...+22°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +23...+25°С болады.