СҚО-да 61 жастағы ер адам 20 күннен бері табылмай жатыр

СҚО-да 61 жастағы ер адам 20 күннен бері табылмай жатыр

СҚО-да 61 жастағы ер адам 20 күннен бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі
Петропавл тұрғыны Юрий Волосников із-түзсіз жоғалды. Үйінен шығып кеткен ер адамнан 20 күннен бері хабар жоқ деп хабарлады turkystan.kz. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған 61 жастағы Юрий Анатольевич Волосниковке іздеу жариялады. Петропавл тұрғыны 24 қыркүйекте Кәрім Сүтішев көшесіндегі үйінен шығып кеткен және бүгінге дейін оның қайда жүргені белгісіз. Сол күні ер адамның үстінде қоңыр түсті жеңіл күртеше, көк түсті джинсы болған. Бойы шамамен – 160 см, дене бітімі арықша келген. Іздеу жұмыстарына солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінің жеке құрамы бағдарланды. Волонтерлер әлеуметтік желілерде бағыт-бағдар таратып, іздеу іс-шараларына көмектесіп жатыр. Полицейлер жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат болса, мына 8 (7152) 49-39-49, 8 (7152) 49-30-74, 8-700-580-08-02 телефон нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, жыл басынан облыста адамдардың із-түзсіз жоғалғаны туралы 432 өтініш тіркелген. Бүгінде 426 адамның жүрген жері анықталды.