Қазақстан мен Молдова футбол федерациялары келісім жасасты

Қазақстан мен Молдова футбол федерациялары келісім жасасты

Қазақстан мен Молдова футбол федерациялары келісім жасасты
ашық дереккөзі
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Молдова футбол федерациясының басшысы Леонид Олейниченко ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Меморандум аясында қос тарап бұқаралық футбол, жаттықтырушы мамандар мен нұсқаушыларды даярлау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға келісті. Сондай-ақ футбол мамандарының деңгейін арттыру мақсатында білім беру семинарларын ұйымдастырып, өзге де іс-шараларды бірлесе атқармақ», - деп жазылған ҚФФ таратқан хабарламада.
ҚФФ кеңсесінде Молдова футбол федерациясының бас хатшысы Сергей Буялский Молдова аумағында бұқаралық, әйелдер және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған футбол жобаларын таныстырды.