Жаңалықтар

«Мектеп жарылады»: Атырауда жалған хабар таратқан оқушы анықталды

ашық дереккөзі

«Мектеп жарылады»: Атырауда жалған хабар таратқан оқушы анықталды

12 қазан күні сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры «сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама алғанын жеткізген деп хабарлады turkystan.kz. «Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады. Көрнеу жалған хабарлама берген сол мектептің 2008 жылы туған оқушысы анықталды. Ол Атырау қалалық Полиция басқармасына ата-анасымен бірге шақыртылды», - деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада. Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.