Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі тоқтатылды

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі тоқтатылды

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі тоқтатылды
ашық дереккөзі
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ведомствоның мәліметінше, комиссия Конституцияның 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес қаулы шығарған.
«Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Парламент Сенатының депутаты А.Күрішбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Парламент Сенатына енгізілсін», - делінген құжатта.