Смайылов Александр Лукашенконы елорда әуежайында күтіп алды

12 қазан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Смайылов Александр Лукашенконы елорда әуежайында күтіп алды Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елорда әуежайында оны ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.