Жаңалықтар

Қазақстанда жалға берілетін үйлердің бағасы төмендей бастады

ашық дереккөзі

Қазақстанда жалға берілетін үйлердің бағасы төмендей бастады

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін алғашқы апталарда жалға беру бағасы өскен қалаларда жалдау ақысы төмендей бастады деп хабарлады turkystan.kz. Krisha.kz сарапшыларының мәліметінше, 5-12 қазан аралығында Қазақстанның жеті қаласында жалдау құны орта есеппен 10%-ға төмендеді. Кейінгі аптада бағаның төмендеуі Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал және Астана қалаларында байқалды. Бұл ретте Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында жалға алу бағасы қымбаттаған. Жалдау ақысы мен сұранысы өзгере қоймаған қалалар, бұл - Түркістан, Тараз, Көкшетау. [caption id="attachment_200008" align="alignnone" width="424"] Krisha.kz[/caption] Жалдау құнының өсуі кезеңдері: Алматыда – 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында; Астанада – 5 қазаннан бастап; Орал қаласында – 2 қазаннан бастап. «Алматыда нарық құрылымының өзгеруіне және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты төмендеу әлі байқалған жоқ», - делінген хабарламада. Бүгінгі таңда тұрғын үй нарығындағы орташа бағасы келесідей: [caption id="attachment_200009" align="alignnone" width="544"] Krisha.kz[/caption]