Жаңалықтар

БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер: қазақ журналистеріне арналған семинар өтті

ашық дереккөзі

БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер: қазақ журналистеріне арналған семинар өтті

8-9 қазан күндері Алматы қаласындағы “Қазақстан” қонақүйінде қазақ журналистеріне арналған “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” атты семинар-тренинг өтті деп хабарлады turkystan.kz. Семинарды Түркітілдес журналистер қоры Шеврон компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды. Екі күнге созылған семинарда елдің әр өңірінен жиналған тілшілер Түркия мен Италиядан, Өзбекстаннан келген спикерлердің дәрісін тыңдады. Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциацияcының президенті Эсма Чакыр, Түркиядағы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Түркия журналистер конфедерациясы Халықаралық қатынастар жөніндегі Бас үйлестірушісі Мевлут Йени, Өзбекстандағы «Народное слово» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усманов сынды беделді мамандар медиа тренер болды.