Жаңалықтар

Халықтық коалиция Тоқаевты қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады

ашық дереккөзі

Халықтық коалиция Тоқаевты қолдаған 400 мыңға жуық қол жинады

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты  ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеді. Халықтық коалиция мүшелері тиісті куәлік алды. «Бүгін Халықтық коалицияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың  ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгенін растайтын ресми құжат алдым. Бірнеше күн ішінде 400 мыңға жуық қол жинадық. Жақын арада Жалпыреспубликалық сайлауалды Штаб өз жұмысын бастайды. Оның құрамында Халықтық коалицияға кіретін барлық партия мен қоғамдық бірлестіктің көрнекті өкілдері болады», – деді ол. Еске сала кетейік, биыл 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев оған ҚР Конституциясымен және «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сай келетінін анықтады.