Жаңалықтар

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді

ашық дереккөзі

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

"Орталық сайлау комиссиясы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.

Президенттікке кандидат куәлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді адамы Ерлан Қошановқа табысталған.