Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур делегациясын қабылдады

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур делегациясын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Сингапурдың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуы АӨСШК үдерісінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АСЕАН-дағы маңызды серіктесі – достас Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны атап өтілді. Өз кезегінде Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Ли Сянь Лунның ізгі тілегін жеткізді. Сингапур делегациясының басшысы өз елінің Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Кездесу соңында Сингапур министрі Мемлекет басшысына Президент Халима Якобтың Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын тағы да растады.