Мемлекет басшысы шейх Тәмимді «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы шейх Тәмимді «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы шейх Тәмимді «Алтын қыран» орденімен марапаттады
ашық дереккөзі
Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Алтын қыран» орденімен марапаттады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жоғары мәртебелі шейх мырза! Сіз қазақ-қатар қарым-қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Біз оны жоғары бағалаймыз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, Сізді «Алтын қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – Қазақстан Республикасының ең жоғарғы наградасы. Сондықтан осы марапат екіжақты қатынастар жылнамасына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мен достығымызды нығайтып, береке-бірлігімізді арттыра түсу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын», - деді Мемлекет басшысы.