Nissan Ресейдегі зауытын 1 еуроға сатып жатыр – Reuters

Nissan Ресейдегі зауытын 1 еуроға сатып жатыр – Reuters

Nissan Ресейдегі зауытын 1 еуроға сатып жатыр – Reuters
ашық дереккөзі
Жапониялық автоөндіруші Ресей нарығынан біржола кету туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Санкт-Петербордағы Nissan зауыты наурыз айынан бері жұмысын тоқтатқан. Жапониялық компанияның басшылығы Санкт-Петербордағы зауыт пен Мәскеудегі бас кеңсені сататын болды. Ресейдің орталық ғылыми-зерттеу автомобиль және автомоторлық ғылыми-зерттеу институты аталған зауытты сатып алмақ. Reuters агенттігінің мәліметінше, зауыт 1 еуроға бағаланған. Nissan 100 миллиард иен (686 455 000 доллар) шығынға батқанымен, Ресей нарығынан түбегейлі кететінін мәлімдеді.