2-7 қыркүйек: ШҚО-да өрттен келген шығын миллиард теңгеден асты

2-7 қыркүйек: ШҚО-да өрттен келген шығын миллиард теңгеден асты

2-7 қыркүйек: ШҚО-да өрттен келген шығын миллиард теңгеден асты
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында 2-7 қыркүйек аралығында болған өрттен келген шығын бір миллиард теңгеден асты. Бұл туралы облыстық Орман инспекциясы мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. Тергеу нәтижесі бойынша өрттің шығуына қолайсыз ауа райы, екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа-райы себеп болса, өрттің таралуына жетуге қолайсыз таулы жер мен өрт ошағына жақын жерде су алатын жердің болмауы себеп болған.
«Нақты себебін анықтау үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды», - деді инспекция.