Жаңалықтар

Головкин – Канело жекпе-жегін ұйымдастырған промоутердің екіжүзділігі ашылды

ашық дереккөзі

Головкин – Канело жекпе-жегін ұйымдастырған промоутердің екіжүзділігі ашылды

Ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джаррелл Миллер Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнді сөкті. Бұл британиялық промоутердің боксшысы Конор Бенн допингпен ұсталғаннан кейін болды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «Мен білетін ең топас адам туралы видео жазайын. Ол жігіт екіжүзді. Хирннің боксшысы допингпен ұсталды. Мәселе -  олардың Ұлыбританияда жекпе-жек өткізетіндігінде. Олар UKAD пен VADA қызметін тұтынады. Бенн VADA протоколынан құлады, ал енді Эдди Хирн VADA-ны мойындамаймыз деп шығыпты. Қысқасы, ол екіжүзді, өзіне-өзі қайшы келіп отыр. Енді олар UKAD ережелерін ұстанатын болды, өйткені Бенн оларды бұзбапты. Бұл жерде Хирннің позициясы күлкілі», - дейді Миллер. Айта кетейік, Хирн кейінгі кезде қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) ісін жүргізіп жүр.