Жаңалықтар

Ақтауда балясиналарды қирататындар пайда болды

ашық дереккөзі

Ақтауда балясиналарды қирататындар пайда болды

14 шағынаудан жағалауындағы полиция бекеті жанындағы қоршауларды белгісіз біреулер қиратып кеткен деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы таңертең жағалау бойымен жүгіруге шыққан қала тұрғындары айтты. Еске салайық, бұған дейін де қала тұрғындары вандалдардың әрекетіне бірнеше рет шағымданған болатын. Бейнебақылау камералары жайлы айтып, бірнеше рет жауапты мамандарға сұрақ қойған. Алайда баяғы жартас сол жартас.