Жұма, 27 Қаңтар, 2023

Абай Құнанбайұлы қолданған кесенің тарихын білесіз бе?

Абай мұражайы қорында ерекше жәдігер сақтаулы. Ол – ойшыл, ғұламаның өзі ұстаған форфордан жасалған кесе.

Кесе бір кездері сынық болған. Алайда белгісіз бір шебер арнайы темір құрсаулардың көмегімен ыдысты қайта қалпына келтірген.

Мамандардың айтуынша, 1885 жылы Абай жер аударылған орыс зерттеушісі Нифон Долгополовқа қазақтар тұрмыста қолданған 60-тан аса зат берген екен.

Соның ішінде осы сынық кесе де болыпты. Долгополов оны өлкетану мұражайына тапсырған. Тек 1964 жылы ғана ол ақын мұражайы қызметкерлерінің қолына тиген.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button