Ақтауда теңіз суының түсі өзгеріп кетті (ВИДЕО)
Теңіз жағалауындағы су түсінің өзгеруіне Солдатский жағажайы аймағындағы арнадан қосылған қоңыр түсті лас су себеп болған деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір учаскеде экологтар жұмыс істеп жатыр. Олар су сынамасын алады. Тест нәтижелері кейінірек жарияланады.
Ал «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 1-ЖЭО-дан таза су шығатынын айтып, лас суға қатысты кәсіпорынның кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.