Тимофей Скатов ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

11 қазан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Тимофей Скатов ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды Пармадағы (Италия) «Челленджер» сериясы турнирінде жеңіске жеткеннен кейін 21 жастағы Тимофей Скатов АТР-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде 152-ші орынға көтеріліп, ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.                    Қазақстандық теннисші үшін бұл «Челленджер» санатындағы екінші финалы. 2021 жылдың маусым айында Тимофей Алматыда өткен ATP Challenger Tour турнирінің шешуші ойынында жеңіске жете алмай қалған.