Жаңалықтар

Өңір жұртшылығы Тоқаевтың президенттікке ұсынылуын қолдайды

ашық дереккөзі

Өңір жұртшылығы Тоқаевтың президенттікке ұсынылуын қолдайды

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция форумының қорытындыларын қызу талқылау жалғасуда. 

Қызылорда қаласында өткен «BIR TOLQYNDA» облыстық диалог алаңының отырысында партия белсенділері XXIV Съездің қорытындысын талқылады. «Жастар Рухы» өңірлік филиалының төрағасы Медет Жорабектің айтуынша, Съезде қабылданған Саяси тұғырнама ел дамуының негізгі бағыттары мен саяси бірлестік қағидаттарын айқындайды. Ол, сондай-ақ, Халықтық коалиция форумы туралы өз әсерімен бөлісті.

Өз кезегінде, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Күлекеев жиналғандарға Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді Халықтық коалиция форумының барлық қатысушысы бірауыздан қолдағанын жеткізді.

«Мен Қасым-Жомарт Тоқаев сынды көрнекті саясаткердің, тәжірибелі дипломаттың, мемлекет қайраткерінің кандидатурасын қолдаймын», – деді ол.

Шымкентте партиялықтар «Бал текстиль» кілем фабрикасының ұжымымен кездесті. XXIV Съезд делегаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Раушан Жиренованың айтуынша, алдағы сайлау – Тәуелсіз Қазақстан үшін үлкен саяси қадам.

«Негізгі мақсаттардың бірі – Әділетті Қазақстанды құру. Шынында да, әділеттілік бар жерде ғана заң үстемдігі, тұрақтылық орнайды. Сондай қоғам ғана әл-ауқат», - деді ол.