Жаңалықтар

Әлемдегі ерекше мәдениеттер мен оғаш әдет-ғұрыптар

ашық дереккөзі

Әлемдегі ерекше мәдениеттер мен оғаш әдет-ғұрыптар

«Адам не үшін саяхаттайды?» деген сұраққа көбіміз «күнделікті тіршіліктен демалу үшін», «қыдыру үшін» деп жауап береміз. Алайда, саяхаттаудың астарында одан да терең мағына жатқанын ескере бермейміз. Саяхаттау арқылы адамның танымы кеңейеді. Әлемнің сұлулығын байқауды, табиғатты тамашалауды үйренеді. Сондай-ақ өзге елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін өз көзімізбен көруге мүмкіндік алады. Мәдениет – елдің рухани байлығы. Жер бетінде қанша халық болса, сонша мәдениет пен салт-дәстүр болары анық. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, өзге елдің бізге таңсық қандай салт-дәстүрі бар? [caption id="attachment_199816" align="alignnone" width="1205"] Фото:lensculture.com[/caption] 2 – Awa (Ава) Ава тайпасы Амазонка тропикалық ормандарында тұрады. Бір қызығы, олар маймыл, шошқаларды, жалпы, жалғыз қалған жануарларды үйде асырайды. 1970 жылдары бұл елдегі тыныштықтың шырқы бұзылды. Қаражас тауларынан темір кен орындары табылып, Ава тайпасы өз территорияларынан айырылды. [caption id="attachment_199818" align="alignnone" width="1200"] Фото:2.bp.blogspot.com[/caption] 4 – San (Сан) Африка континентіндегі ең көне тайпа саналатын сан, сондай-ақ бушмендер деп аталатын тайпаны ерекше атап өткен жөн. Санның өзіндік сенім жүйесі, тілі, тіпті «жираф биі» деп аталатын биі бар. Дегенмен, бұл тайпа гауһар зерттеушілердің кесірінен зардап шекті. Сандар өздері тұратын қорық саябақтарынан айырылды. Әлемдегі әртүрлі мәдениетпен қатар, өзгелер үшін оғаш көрінуі мүмкін әр халықтың әдет-ғұрыптары да бар. Бір қарағанда қызық болып көрінетін, бірақ логикалық түсіндірмесі бар дәстүрлерді назарларыңызға ұсынамыз. [caption id="attachment_199820" align="alignnone" width="1205"] Фото:voubs.com[/caption] Bayanihan Bayanihan экзотикалық мәдениеттер тізімінде міндетті түрде болуы керек. Себебі бұл салтқа сай үй қаз-қалпында бір жерден екінші жерге көшіріледі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тұрғындар жиналып, үйдің орнын ауыстырады. Көшудің басты себебі – апатты жағдайлардың алдын алып, қауіпсіз жерде тұрақтау. Бұл дәстүр, әсіресе, Филиппиннің ауылдық жерлерінде әлі де көрініс табады. Себебі бұл аймақтарда үйлер ағаш және бамбук сияқты жеңіл материалдан жасалады. [caption id="attachment_199822" align="alignnone" width="1205"]