Әлемдегі ерекше мәдениеттер мен оғаш әдет-ғұрыптар

Әлемдегі ерекше мәдениеттер мен оғаш әдет-ғұрыптар

Әлемдегі ерекше мәдениеттер мен оғаш әдет-ғұрыптар
ашық дереккөзі
«Адам не үшін саяхаттайды?» деген сұраққа көбіміз «күнделікті тіршіліктен демалу үшін», «қыдыру үшін» деп жауап береміз. Алайда, саяхаттаудың астарында одан да терең мағына жатқанын ескере бермейміз. Саяхаттау арқылы адамның танымы кеңейеді. Әлемнің сұлулығын байқауды, табиғатты тамашалауды үйренеді. Сондай-ақ өзге елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін өз көзімізбен көруге мүмкіндік алады. Мәдениет – елдің рухани байлығы. Жер бетінде қанша халық болса, сонша мәдениет пен салт-дәстүр болары анық. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, өзге елдің бізге таңсық қандай салт-дәстүрі бар? [caption id="attachment_199816" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:readytospeak.ru[/caption] 1 – Ladakhis (Ладакх) Әлемдегі ерекше мәдениеттің бірі, ол - ладакх мәдениеті. Олар 1970 жылдарға дейін Гималайда оқшауланып өмір сүрген. Жалпы, бұл елдің адамдары өте қарапайым, десе де принциптерді басшылыққа ала отырып күн кешетін. Аса адал, әділетті болатын. Десе де, бұл елдің мәдениетіне жол құрылысы қатты әсер етті. Туристер саны артқан сайын ладакхтардың әдеп-ғұрыптары ақырын өзгере бастаған. [caption id="attachment_199817" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:lensculture.com[/caption] 2 – Awa (Ава) Ава тайпасы Амазонка тропикалық ормандарында тұрады. Бір қызығы, олар маймыл, шошқаларды, жалпы, жалғыз қалған жануарларды үйде асырайды. 1970 жылдары бұл елдегі тыныштықтың шырқы бұзылды. Қаражас тауларынан темір кен орындары табылып, Ава тайпасы өз территорияларынан айырылды. [caption id="attachment_199818" align="alignnone" width="1200"] width= Фото:Twitter[/caption] 3 – Mursi (Мурси) Бұл этникалық топқа кіретін әйелдер төменгі еріндерін немесе құлақтарын үлкен ағаш дискілермен безендірген. Әдетте, бұл салт қыздар 9-10 жасқа толғанда жасалады. Мурсилер аң аулап, жануарларды бағумен және жүгері өсірумен айналысады. [caption id="attachment_199819" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:2.bp.blogspot.com[/caption] 4 – San (Сан) Африка континентіндегі ең көне тайпа саналатын сан, сондай-ақ бушмендер деп аталатын тайпаны ерекше атап өткен жөн. Санның өзіндік сенім жүйесі, тілі, тіпті «жираф биі» деп аталатын биі бар. Дегенмен, бұл тайпа гауһар зерттеушілердің кесірінен зардап шекті. Сандар өздері тұратын қорық саябақтарынан айырылды. Әлемдегі әртүрлі мәдениетпен қатар, өзгелер үшін оғаш көрінуі мүмкін әр халықтың әдет-ғұрыптары да бар. Бір қарағанда қызық болып көрінетін, бірақ логикалық түсіндірмесі бар дәстүрлерді назарларыңызға ұсынамыз. [caption id="attachment_199820" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:rangercabunzky.blogspot.com[/caption] Pagmamano Үлкендерге құрмет көрсетудің бір белгісі. Біздің елдегі сәлем беру салтына ұқсас, бірақ бұл жерде иілудің қажеті жоқ. Қарт адамның қолын ұстап, маңдайға қою жеткілікті. Филиппин, Малайзия және Индонезия жұртшылығына тән дәстүр. Бір деректерде бұл әдет-ғұрып Қытай мәдениетінен бірнеше ғасыр бұрын филиппиндіктерге келген деседі. Отбасылық жиындарда Pagmamano қимылын жасау әдетке айналған. Үлкендерден бата алу, құрмет көрсетіп, алғысын білдіру үшін жастар аға буынның қолын ұстап, маңдайға тақайды. [caption id="attachment_199821" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:voubs.com[/caption] Bayanihan Bayanihan экзотикалық мәдениеттер тізімінде міндетті түрде болуы керек. Себебі бұл салтқа сай үй қаз-қалпында бір жерден екінші жерге көшіріледі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тұрғындар жиналып, үйдің орнын ауыстырады. Көшудің басты себебі – апатты жағдайлардың алдын алып, қауіпсіз жерде тұрақтау. Бұл дәстүр, әсіресе, Филиппиннің ауылдық жерлерінде әлі де көрініс табады. Себебі бұл аймақтарда үйлер ағаш және бамбук сияқты жеңіл материалдан жасалады. [caption id="attachment_199822" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:sportishka.com[/caption] Haka Жаңа Зеландиядағы ерекше мәдениетке жатқызуға болатын практика бар. Бұл елде қатты сөздер, айқайлап ән айтып, кеуделерін соғу арқылы қарсыластарының бойына үрей ұялатуға тырысады. Haka шоуының танымалдылығы соншалықты, тіпті, Жаңа Зеландия спортшылары халықаралық жарыстарда осындай қойылым қояды. All Blacks деп аталатын регби командасының орындауындағы Haka шоуы бүкіл әлемге әйгілі болды.