Номофобия: смартфонсыз жүруден қорқасыз ба?

Номофобия: смартфонсыз жүруден қорқасыз ба?

Номофобия: смартфонсыз жүруден қорқасыз ба?
ашық дереккөзі
Номофобия – ұялы телефонсыз қалудан қорқу, психологиялық аурудың түрі. Таң атқаннан қас қарайғанша смартфонымыз қолымыздан түспейтін жағдайға жеттік.  Ұялы телефонды пайдалану шынымен қауіпті ме? Оған тәуелділік психологиялық дерт болып санала ма?  Balbal.kz сайты номофобия туралы ақпараттарды жинақтады деп хабарлады turkystan.kz. Ғалымдар жүргізген тәжірибе Ғалымдар телефонға әбден байланып қалған 22 және оны сирек қолданатын 26 еріктіні шақырып, зерттеді. Нәтижесінде телефонға тәуелді болып қалғандар мен қарапайым адамдардың миында өзгерістің бар екенін анықтады. Телефонды жиі пайдаланатындарда мидың сұры заты аз болады және оның көлемі кішірейеді. Номофобия статистикасы Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдардың 66%-ы номофобия дертіне шалдыққан. Бұл ауру жас қыз-жігіттердің бойынан жиі байқалады. Сауалнама нәтижесінде 18-24 жас аралығындағы адамдардың 77%-ы, 25-34 жастағылардың 64%-ында номофобияның белгілері анықталған. Олардың келісімінсіз өзге біреудің телефонды ақтаруы, тексеруі бұл уайымды екі есе күшейтетін көрінеді. Сондай-ақ әйел адамдар ерлерге қарағанда ұялы телефоннан айырылып қалудан көбірек қауіптенеді. Номофобия белгілері Фобия — күшті және бақылауға келмейтін үрей мен мазасыздық.  Онымен күресуге болады. Бірақ фобия көп жағдайда балалық шақтағы келеңсіз және қорқынышты оқиғалар нәтижесінде пайда болады. Номофобия адам өміріне қауіп төндірмесе де, әсері көп. Номофобияның белгілері: шектен тыс қобалжу, уайым, бас айналу, оттегінің жетіспеуі, жүрек айну, тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, кеуденің ауруы. Бұл белгілер телефонды жоғалтып немесе ұмыт қалдырған жағдайда байқалады. Сонымен қатар оның қуаты таусылғанда да көрініс береді.  Телефонның қолдан түспеуі, үнемі көз алдыңда тұруы, жоғалтып алудан қорқу сезімдерінің барлығы – номофобияның басты белгісі. Тәуелділіктен құтылу Бұл тәуелділіктен құтылудың жалғыз жолы — күнделік жүргізу. Смартфонды қанша уақытта және қандай мақсатта пайдаланып жатқаныңызды жазып отырыңыз. Оған арнайы шығарылған платформалар бар. Мысалы: Moment – Screen Time Tracker; Checky; AppDetox; Screen Time Parental Control App; Breakfee App; Offtime.