Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы айқасқа дейін қарсыласына ескерту жасады

ашық дереккөзі

Жәнібек Әлімханұлы айқасқа дейін қарсыласына ескерту жасады

Орта салмақта WBO чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) қарсыласына мәлімдеме арқылы сес көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақ боксшы келесі қарсыласы - британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) айбат шегіп отыр. Боксшылар 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort шаршы алаңында айқасады. «Жекпе-жекке дейін бір ай қалды, бірақ қарсыласымды нокаутқа түсіруге қазірден-ақ дайынмын. Дензел, бапкеріңе айт, орамалды уақытында лақтырып үлгерсін!» деп жазды Әлімханұлы.