Жаңалықтар

Семейде көпірден секіріп кеткен қыз аман қалды

ашық дереккөзі

Семейде көпірден секіріп кеткен қыз аман қалды

Құтқарушылар оны судан дер кезінде алып шығып, аман алып қалған деп хабарлады turkystan.kz. Абай облысының ТЖД хабарлағандай, 10 қазан күні таңғы сағат 9-да ескі көпірден адам секіргені туралы хабар келіп түскен. Құтқарушылар өзенге келгенде 2009 жылы туған қызды тауып алған. Қайықпен қасына барып, жәбірленушіні жағаға шығарып, содан соң қыз баланы медицина қызметкерлеріне тапсырған. «Қазір оның жағдайы қанағаттанарлықтай», - дейді құтқарушылар. Қыздың мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз. Осы орайда, облыстық ТЖД ата-аналарға қырағылық танытып, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.